Жаңалықтар | Новости

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінен қанша гонорар алды?

Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде қанша табыс тапқаны анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым «Вестник MMA» телеграм-арнасына сілтей отырып, Шавкат Рахмонов 28 000 доллар табыс тапқанын хабарлады. Гонорар сомасы былай түсіндірілген: 12 000 — жекпе-жек үшін, 12 000 — жеңіс үшін және 4 000 — кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі. Ал бразилиялық Мишель Празерис 61 мың доллар табыс алады: 50 000 — жекпе-жек үшін, 11 000 — кездесу қарсаңындағы бір апта бұрынғы ынталандыру төлемі.

Еске салайық, Рахмонов бұл ұйымдағы екінші жекпе-жегінде Празеристі екінші раундта жеңген болатын. Бразилиялық карьерасында алғаш рет жеңілді.

Комментарий