Жаңалықтар | Новости

Қарағанды облысында карантин күшейтілді

Қарағанды облысында карантин күшейтілді. Қаулыға облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігері қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитария дәрігері облыс аумағында карантин режимін ұзартуға қаулы етті.

Өңір тұрғындарына адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, рұқсат етілмеген нысандарға (бильярд, караоке, боулинг орталықтары және басқалары) баруға тыйым салынады.

Сондай-ақ, қоғамдық орындар мен даладағы, ғимараттағы нысандарда маска тағу және антисептик қолдану талаптарын қатаң сақтау керегі атап өтілді.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну керегі жазылған.

65 жастан асқан адамдарға елді мекендер мен қоғамдық орындарға жиі бармау ұсынылады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден оқуға болады.

Комментарий