Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі артып жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 1686 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 507
  • Алматы қаласы – 215
  • Шымкент қаласы – 103
  • Ақмола облысы – 43
  • Ақтөбе облысы – 35
  • Алматы облысы – 33
  • Атырау облысы – 73
  • Шығыс Қазақстан облысы – 70
  • Жамбыл облысы – 36
  • Батыс Қазақстан облысы – 101
  • Қарағанды облысы – 278
  • Қостанай облысы – 42
  • Қызылорда облысы – 28
  • Маңғыстау облысы – 38
  • Павлодар облысы – 33
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 13
  • Түркістан облысы – 38

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 419 800.

Сонымен қатар, Қазақстанда 1 181 адам коронавирустан жазылып шықты.

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 391,
  • Алматы қаласында – 292,
  • Шымкент қаласында – 11,
  • Ақмола облысында – 41,
  • Ақтөбе облысында – 0,
  • Алматы облысында – 54,
  • Атырау облысында – 21,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 66,
  • Жамбыл облысында – 0,
  • Батыс Қазақстан облысында – 44,
  • Қарағанды облысында – 134,
  • Қостанай облысында – 4,
  • Қызылорда облысында – 14,
  • Маңғыстау облысында – 25,
  • Павлодар облысында – 47,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 19,
  • Түркістан облысында – 18.

Елімізде барлығы 392 777 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекцияcs белгілері бар пневмония туралы ақпаратты да берді.

“26.06.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 56 940, 984 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 203-ке жетті”, – делінген хабарламада.

Елімізде 2021 жылғы 27 маусымдағы мәлімет бойынша, вакцинаның I компонентін 3 165 155 адам салдырды, II компонентін 1 905 062 адам салдырды.

Комментарий