Жаңалықтар | Новости

Жүйелі жұмыс нәтижесін беруде

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотты болған адамдармен аталмыш құқыққорғау мекемесінің өкілдері заңды бұзып, бас бостандығынан айырылып, қазіргі таңда босап шыққандармен алдағы уақытта бұндай қадамға бармастың алдын алу мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіп отырады.

Бүгінгі таңда Катонқарағай аудандық №1 пробация қызметінің есебінде 23 адам тіркелген. Олардың көбі қазірде түзу жолға түсіп, жеке кәсіптерімен айналысып, тұрақты жұмысқа тұрып, өмірден өз орындарын табуға талпынуда. Солардың бірі Үлкен Нарын ауылындағы Е есімді азамат. Ол бұзақылық әрекет жасап, заң бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылып, артынша босап, қазіргі таңда пробация қызметіңнің есебінде тәртібінің түзелуіне байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын бас бостандығынан босатылмақ. Жақында,  аталмыш азамат   шағын футболдан аудан құрамасының сапында Өскемен қаласында шағын футболдан өткен ШҚО Чемпионатына қатысып, командаластарымен  жүлделі орыннан көріне білді.  Осылайша ол салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты насихаттауға өзіндік үлесін қосуда.

Комментарий