Аймақ | Регион

ПРОБАЦИЯ КАБИНЕТІ

Жарма аудандық прокуратурасының бастамасымен  пробация қызметі және Жарма ауданының жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп түрме мекемесінен  босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған  соталғандарға әлеуметтік «Пробация кабинеті» өз жұмысын жалғастыруда.
Пробация кабинетінің мақсаты — бұрын жаза басып, сотты болған азаматтарды қайта өмірге бейімдеу. Қателескен адамды қайта тәрбиелеп, қатарымызға қосу.
Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында орналасқан пробация  кабинетінің мамандары пробациялық есепте тұрған азаматтарға «бір терезе» қағидасы бойынша аудандық Пробация қызметкерлерінен бөлек, халықты жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, көші-қон полициясы, денсаулық сақтау мекемелері, аудандық  тұрғын-үй және коммуналды шаруашылық жолаушы тасмалдау көлігі және автокөлік жолдары  бөлімі, психолог маманы, қорғаушы  және қажеттілікке қарай басқа да мекемелер әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету  бекітілген кестеге сәйкес  әр айдың соңғы бейсенбі күні келіп, жұмыс жүргізеді.
Бүгін Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды «бір терезе» қағидасы бойынша қабылдап, бос жұмыс орындары, қысқа мерзімді курстар, ақылы қоғамдыұ жұмыс орындары,тұрғын үй кезегіне тұру жолдары, қайтарымсыз гранттар алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 Аудан әкімнің орынбасары А.Ибраевпен түрме мекемесінен  босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған  соталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кестесі бекітілді, кестеге сәйкес 2021 жылы пробация кабинеті отырысн 9 рет өткізу жоспарлануда🖋

ДУИСпоВКО

ШҚОбойыншаҚАЖД

ПробацияЖарминскогорайона #ПробацияВКО

Пробация

Комментарий