Жаңалықтар | Новости

Қазалыда пробация бақылауындағы азаматтармен кездесу өтті

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және өзге де әлеуметтік, құқықтық көмектер көрсету мақсатында Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығы, Кәсіпкерлік бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірлесіп пробация қызметі есебіндегі сотталғандармен кездесу жиыны өткізілді.
Жиында пробациялық есептегі азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіби мамандықтарға оқыту, кәсіп ашуға мүмкіндік жасау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер мен қайтарымсыз грант түрлерін алу және медициналық мекемелерден қажетті жағдайда ем қабылдау жолдары түсіндірілді.
Мәжіліске қатысқан пробация есебіндегі азаматтар да қозғалған мәселелерге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Комментарий