Жаңалықтар | Новости

Мекеме қызметкерлері марқұм болған әріптестерінің анасын “Қазақстан Полициясы күні” мерекесімен құттықтап барды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері  10 жылдан аса ҚАЖ саласында қызмет еткен, 36 жасқа қараған шағында дүниеден өткен әділет майоры Асқарұлы Оралдың ата-анасын  арнайылап құттықтау мақсатында шаңырағында болды. Сақшылар Оралды тәрбиелеген Несібелі апаға жылы лебіздерін, шексіз алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.     
Айта кетерлік жайт, Асқарұлы Орал ҚАЖ саласында 2004 жылдың шілде айынан бері қызмет атқарып, түрлі лауазымдарда абыроймен қызмет еткен. Жас болса да өзінің біліктілігін, табандылығын, жігерлілігін көрсетіп, 2011 жылдан бастап Қызылорда қалалық Қылмыстық-атқару инспекциясы бөлімінің бастығы лауазымында жұмыс жасаған.
“Қазақстан полициясы күні” мерекесінде біз әріптесіміз Асқарұлы Оралдың шаңырағына арнайы ат басын бұрып  келіп отырмыз. Басты мақсатымыз – әріптесіміздің ата-анасына құрмет көрсетіп, ілтипат таныту, Оралдың есімі әлі де ұмытылмағанын білдіру еді”, – деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ж. Есмаханов.

Комментарий