Жаңалықтар | Новости

Алматыда үздік мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент басшысы Ильдар Үйсімбаев қатысушыларды құттықтап, әрбір қызметші өз еңбегімен мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге өз үлесін қосатынын атап өтті.

Жалпы, Алматы қаласы бойынша көп жылғы адал еңбегі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 12 қызметші «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградаларымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша қызметінің қорытындылары шығарылды. Жоғары көрсеткіштері үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының алғыс хаттарымен Қазынашылық департаменті және Стратегия және бюджет басқармасы марапатталды.

Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы мемлекеттік қызмет ардагері, Қазақстан Республикасының Еңбек министрі (1994-1996 жж.), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылымының депутаты Петр Крепак болды. Оған көп жылғы және адал еңбегі үшін құрмет пен алғыс белгісі ретінде Агенттік Төрағасының Алғыс хаты табыс етілді. Петр Иванович, өз кезегінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының кітапханасында өзінің лайықты орнын алатын «Болашаққа ұмтылушылар» атты авторлық кітабын сыйға тартты.

Комментарий