Жаңалықтар | Новости

ҚАУІПСІЗ ЖОЛДЫҢ ҚАМЫ ҮШІН

Басшысыз үйде бала азар,

Тәртiп жоқ жерде жан азар, деген ақын Фариза Оңғарсынова. Қоғамдық орындар да тәртіп сақтау маңызды.Тіпті темір жолда жүйіткіген поездардың ішінде де, сыртында да жолаушылар тәртіп сақтауы тиіс. Қасақана немесе абайсызда тәртіпсіздік жасап, түрлі қылмысқа барған жолаушыларды жаза күтіп тұр. Себебі Көліктегі полиция департаменті, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі әрбір поездағы тәртіпті жігіт бақылауға алған.

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімімен халықтың наразылығын туғызатын қылмыстарға жол берілмей, криминогендік жағдай бірқалыпты сақталып келеді. Бөлім полицейлеріне жедел-қызметтік жұмыстарында дұрыс бағыт берген нәтижесінде қылмыстардың ашылу көрсеткіші артқан.

Сондай-ақ есеп беру мерзімінде жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде бұзақылық, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны төмендеген. Полиция қызметкерлерінің тәртіпті талап етуінің нәтижесінде жасөспірімдердің қылмыс жасауына жол берілмеген.

— Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында есірткі затымен байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында кең ауқамды жедел іздестіру іс-шаралар жүргізіп келеді. Нәтижесінде, осы жылдың 5 айында көлік сақшыларымен есірткінің заңсыз айналымына байланысты 14 қылмыстық құқық бұзушылықтар анықталды. 2021-2023 жылдарға арналған «Бөтеннің мүлкін қорғау» ІІМ бағдарламасының өз деңгейінде іске асырып, жыл басынан жолаушылар поездарында орын алған қылмыстардың азаюына қол жеткіздік. Көлік объектілерінде жолаушылар қауіпсіздігін сақтау мақсатында ІІМ-мен тапсырмасына сәйкес профилактикалық алдын алу іс-шаралары «Демалыс», «Құқықтәртіп», «Жасөспірім», «Мүлдем төзбеушілік», «Қауіпсіз поезд», «Қауіпсіз вокзал» акцияларын үнемі ұйымдастырылып келеді. Есеп беру мерзімінде темір жол көлік объектілерінде адамдарды қағып кету дерегіне жол берілген жоқ. Жыл басынан темір жолдың белгіленбеген жерлерден өткені үшін 494 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Дәулет Мақсұтов.

Аталмыш мекеме ең криминогенді аймақтарында сәтсіздік оқиғалардың алдын алу бағытында темір жол мекемелерінің жұмысшыларымен бірігіп рейдтер, қысқа мерзімді профилактикалық шаралар, құқықбұзушылықтарды анықтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізуеді. Жүйелі жұмыстың нәтижесі де жоқ емес. Жалпы көлік объектілерінде сәтсіздік оқиғалардың санын 14-тен 12-ге төмендеген. Жауапкершілік жүгі ауыр қызметті алты айда сәтті қортындылаған

полиция полковнигі Дәулет Амангелдіұлы бастаған ұжым жылды да жемісті аяқтарына сенім мол.

Гүлбану МАҚАЖАН,

Қызылорда облысы

Комментарий