Жаңалықтар | Новости

«Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудындық №1,2 пробация қызметінің қызметкерлері мен Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерімен бірлесіп, 2021 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы № 250 қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ағымдағы жылдың 4 маусымында Куршім аудандық №1,2 пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандарға арналған «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Бұл шараның мақсаты, жұмыссыз жүрген сотталған азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жәрмеңке барысында сотталғандарға бірнеше жұмыс орындары ұсынылды. Күршім аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған 1 сотталған «Пшембаев А» жеке кәсіпкерлігіне жұмысқа жолданды, Күршім аудандық №2 пробация қызметінің есебінде тұрған 1 сотталған азмат Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Марқакөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне квота бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ендігі кезекте сотталған азаматтар тұрақты жұмыстың арқасында өз отбасын асырауына мүмкіндігі бар.

 

ШҚО бойынша ҚАЖД

Күршім аудандық №2

ПҚ-нің аға инспекторы

Әділет аға лейтенанты Б.М.Құмарбеков

Комментарий