Жаңалықтар | Новости

Атырау гарнизонының әскери қызметкерлері медицина қызметкерлерін құттықтады

Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жергілікті әскери әкімшіліктің медициналық комиссиясының өкілдерін құттықтады. Комиссияның ұзақ жылдары бойындағы мүшелеріне «Қазақстан патриоты» медальдары табысталды.

Әскерге шақыру науқаны кезінде әскери қызметкерлер мен медицина қызметкерлері тығыз жұмыс істейді. Шақырылу науқаны олардың үйлесімділігі мен ұйымшылдығына тікелей байланысты. Жергілікті әскери билік өкілдері медициналық комиссияның құрамына ерекше құрметпен қарайды.
– Біздің қызмет көп жағынан ұқсас, өйткені біздер өз халқымызды қорғауға ант береміз. Сіз олардың денсаулығын қорғап, қамқорлық жасасаңыз, ал біз олардың қауіпсіздігін күзетеміз. Сіздің қажырлы еңбегіңіз бен ұқыптылығыңыз ең мықты сарбаздарды іріктеп таңдауға мүмкіндік береді. Мен сіздерді шын жүректен құттықтаймын, сіздерге денсаулық, күш-қуат, бейбітшілік пен бақыт тілеймін», – деді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Эльдар Шингалиев.
Әскери қызметшілер медицина қызметкерлеріне гүлдер мен мадақтамаларды табыстады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Комментарий (2)

  1. Сакен

    Олар шынымен “патриоттар”!

  2. Асхат

    Құттықтаймын! Менің құрмет!

Комментарий