Жаңалықтар | Новости

ШҚО да ҚАЖ қызметкері полиция күніне арнап өлең шумақтарын шығарды

Тау менен тасы-қауіпті онын жолдары
Мақтаныш тұтам өзіндей тұлға болғаны
Қырағы болып күзетер көк ту байрағын
Күндіз де түнде болғайсын елдін қорғаны

Бөгде адам келіп жын ойнақ құрып тұрмасын
Еліне ерен есімін мәлім тұлғасын
Қырағы тұрар талабы терен жұмысқа
Абырой биік “қызметкер” болып тұрғасын

Болуы керек биіктеу оның қамалы
Күзетте тұрса-тыныштық басар қаланы
Таңдауын түскен сен тұрған мына қызметтін
Суыққа шыдар темірдей тәртіп талабы

Жұмысын қатал шегедей сынды тұрағын
Халқына арнап жағып қой жолдар шырағын
Білімін терен шешімін лезде қабылдар
Ойында ұшқыр теніздей болсын шыдамын

Намысы таныс жерім де биік елім де
Ізіннен жүрер ұрпағын үшін ерінбе
Сынақтар шықса қара да тура бұзып өт
Алдыға ұмтыл бір қадам артқа шегінбе

Есінде сақта қызметін сенін зор бағын
Ызғары өткір суыққа шыда тонбағын
Алансыз жатқан сенімін артқан ел үшін
Алдын-ал оның бұғатта қылмыс жолдарын

Шықса да бір күн алдыннан биік мұз өткел
Қолынды созып іс түссе елге іздеп кел
Шындалып әр кез заңдарды терен зерделеп
Берілген саған лайық бол шенге “қызметкер”

Комментарий