Жаңалықтар | Новости

Жас қызметкерлер ҚАЖ ардагерлерін кәсіби мерекесімен – полиция күнімен құттықтады

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстандық полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерімен «Қазақстан полициясы күні» деп атап өтеді. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары» туралы заң қабылдады. 2007 жылы Тұңғыш Президентінің жарлығымен 23 маусым ресми түрде полиция күні болып бекітілді.

Атаулы күні жас қызметкерлер карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, ҚАЖ ардагерлеріне онлайн – форматта құттықтаулар дайындады. Бұл күні ҚАЖ ардагерлері шын жүректен құттықтаулар, сонымен қатар жас қызметкерлердің әндерін тыңдап, түрлі қойылымдардан рахат алып, мереке атмосферасына ене алды.

Салтанатты іс-шара Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/15 мекемесінің бастығы құттықтауымен басталды.

«Сіздер бүгін жас қызметкерлердің дамуына үлкен үлес қосып жатырсыздар. Осы күні ардагерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің ұзақ уақыт еңбек қызметіңіз көптеген жас қызметкерлер үшін кәсіби және қызметтік міндеттерді орындауға адалдық пен әділеттіліктің үлгісі болып табылады. Осы мерекеде бүкіл ұжым атынан сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, күш пен ұзақ өмір жылдарын тілейміз»- деді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Айта кететіндей, Қылмыстық – атқару жүйесінің ең белсенді зейнеткерлері бүгінгі күнге дейін Қазақстандық полициясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосып келеді.

Комментарий