Жаңалықтар | Новости

Мекеме қызметкерлері ардагерді полиция күнімен құттықтады

23 маусым – Қазақстан полициясы күні  мерекесіне орай,  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесі   қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау қызметінде көп жыл жұмыс істеген ішкі істер органдары ардагерлерінің отбасыларына барды.

Мекеме  қызметкерлері Ішкі істер органының ардагері, полиция полковнигі Молдаш Бөгенбай Сералыұлын   мерекемен  күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеп, қызметтегі көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Мереке қарсаңында ардагер ағамыз ҚАЖ қызметкерлерінің құттықтаулары мен қамқорлықтары үшін әріптестеріне зор алғысын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий