Жаңалықтар | Новости

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері Полиция күнін салтанатты түрде атап өтті

«23 маусым – Қазақстан полициясы күніне» орай, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өткен салтанатты іс- шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты.

Саптық алаңға мемлекеттік ту әкелініп, әнұран шырқалып, ҚАЖД бастығы жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтағаннан соң, Ішкі істер органдарына алғаш рет қызметке қабылданған 8 жас қызметкер ресми түрде ант қабылдады.

Салтанатты шарада ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖД-нің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін әділет подполковнигі арнайы атағы атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғарылатып, Мұғалжар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Бауыржан Уразалинге, әділет майоры арнайы атағы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аға инспектор- кезекшісі әділет капитаны Мадияр Мұсабаевқа мерзімінен бұрын берілді.

Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі төсбелгісімен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөлімшесінің инспектор полиграфолог маманы әділет майоры Айнұр Табуктинова марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін, ҚР ІІМ-нің алғыс хатымен Айсұлу Айбасова, сондай- ақ, Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің алғыс хатымен әділет майоры Рахима Мендібаева марапатталды.

Жалпы мерекеге орай, «Мінсіз қызметі үшін» I дәрежелі медалімен 3 қызметкер марапатталса, «Мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі медалімен 15 қызметкер және «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медалімен 19 қызметкер марапатталса, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының құқығымен 19 қызметкер алғыс хат алды.

Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне диплом және алғашқы арнаулы атағын табыстады.

Комментарий