Жаңалықтар | Новости

Сотталған түзу жолды таңдады

СҚО бойынша ҚАЖД Мағжан Жұмабаев аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тіркелген сотталған Б бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеуде. Сотталған Б. 2020 жылы ұрлық жасап, ҚР қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлмі 1 тармағы бойынша 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасына сотталған. Бостандықты шектеу сотталған адамға алты айдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау орнатудан және оны жазаны өтеудің бүкіл кезеңінде жыл сайын жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартудан тұрады. Еркіндікті шектеу сотталғанның қоғамнан оқшауланбай тұрғылықты жерінде жүзеге асырылады.

Сотталған Б. есепке алныған күннен бастап өзінің түзу жолға тұрғанын айтып, оны барынша далелдеді. Пробация қызметінің бақылауынан жалтармай, сотпен жүктелген барлық міндеттерді бұлжытпай орындады. Есепке алынған күннен бастап сотталғанның жүріс – тұрысы әр-дайым пробация қызметкерлерімен бақылауда болды, алайда жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзу сотталғанның қатарынан анықталмады. Есепте тұрған кезде ол спирттік ішімдіктерді ішуін доғарып, халықты жұмыспен қамту орталығының көмегімен жұмысқа орналасты. Бүгінгі күнде жұмыс орны және тұрқғылықты мекен-жайы бойынша жағымды жағынан сипатталады.

Осыған орай сотталған Б. 2021 жылдың маусым айында Мағжан Жұмабаев ауданының сотының қаулысы бойынша жазаны өтеу шарттарын бұзбай, түзу жолға тұруына орай мерзімінен шартты түрде бұрын босатылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген күнде сотталған Б. пробация қызметінің есебінен шешілетін болады.

Сотталған Б. осындай қылмыс жасағанына қатты өкінетінің және алдағы уақытта заңға қайшы әрекеттерді жасамайтынын айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта сотталған Б. өзінің отбасын құрып, үлгілі отбасы болуын жоспарлайтынын айтты.

 

СҚО бойынша ҚАЖД

М.Жұмабаев аудандық ПҚБ инспекторы

әділет капитаны

Мухамедьяр Амантайұлы Исин

Комментарий