Жаңалықтар | Новости

Петропавл қалалық пробация қызметі хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2021 жылғы маусымның 21-нен 27-не дейінгі аралықта «Шартты түрде» атты профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

СҚО бойынша ҚАЖД және СҚО бойынша ПД бірлескен жоспарына сәйкес, профилактикалық іс-шаралар кезеңінде Петропавл қаласының ПҚБ қызметкерлері қалалық полиция бөлімінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды, учаскелік полиция инспекторларымен бірге есепте тұрған адамдарды тексеруді жүзеге асырады. Сотталғандарды әкімшілік жағынан ПБ басқа жазбалары бойынша олардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен бірнеше рет жасалған қылмыстарды уақтылы анықтау үшін тексеріледі.

РПІШ кезеңінде қайталанатын құқық бұзушылықтарға бейім адамдарға бақылау күшейтіледі. Сотталғандар кешке және түнде қоғамнан оқшауланбай толық көлемде тексеріледі. Жедел-профилактикалық іс-шаралар кезеңінде тұрғылықты және жұмыс орны бойынша барлық сотталғандар тексеріледі.

СҚО бойынша ҚАЖД

Петропавл қ. пробация қызметі бөлімінің инспекторы

әділет капитаны

Ельнар Тасбулатов

Комментарий