Жаңалықтар | Новости

Өткен іске өкінуге жол берме

Бұл дүниедегі әрбір адамның өз армандары болады, соған жетсем екен деп қиялдайды. Арманға жету үшін ең алдымен мақсат қоя білу керек. Ал мақсатты орындау үшін талпыныс, қажымас қайрат, табандылық пен шыдамдылық, ұмтылыс қажет. Осы орайда жуырда Төлеби аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға «Мақсатыңа жету үшін талпын» атты шағын концерттік кеш өткізді.

Бұл шараға Төлеби аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, аудандық аурухана психологі, Ленгір қалалық психологі және жастар орталығының қызметкерлері қатысты.

Аталған шараның мақсаты, пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамқа бейімдеу, олардың жұмыспен қамтылуына, әлеуметтік және құқықтық, психологиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік дағдыларын үйрету болып табылады.

Концерттік шарада бірі әуелетіп әуезді ән салса, енді бірі құлақтың құрышын қандырып дәстүрлі әндерді орындады. Осылайша, концерттік бағдарлама көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаза басып жаңылғандардың рухани тұрғыда оңалту еді.

Шара соңында Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен арнайы түсірілген «Өкініш» қысқа метражды фильмі көрсетілді. Көрермендер бұл фильмді көріп еріксіз көздеріне жас алды. Жаңға қайшы келгендер жазадан құтылмайтынын түсенгендей болды.

Пробация қызметі есебенде тұрған азаматтар мен жастарды осындай профилактиқалық іс-шараларға алып барамыз. Біздің басты міндетіміз жаңылған жандарды қоғамға бейімдеу, олардың қайта қылмысқа бармауын қадағалау болып табылады. Берілген міндетті атқара білу, жауапкершілікті болу және адамдармен жақсы қарым-қатынас құра алу өте маңыды. Әлемге әйгілі «General electric» компаниясын 20 жыл басқарып, үлкен жетістіктерге жеткізген Джек Уэлч-тен «мақсатқа жету үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек?» деп сұраған екен. Сонда, ол: мақсатқа жетемін деген адамның бойында 4 қасиет болуы керек деген екен. «Біріншісі, жігерлілік, қайраттылық. Екіншісі, осы жігерлілікті өзгелерге өткізе алатын, айналасындағыларды ынталандыра алатын, күш-қуат, мотивация бере алатын болуы. Үшіншіден, бірі салада, бір нәрседе үстемдігі болуы. Төртіншісі, берілген міндетті бітіре алатын болуы, бір істе келеңсіздік емес оның шешімін

таба білуі қажет» деген екен. Әрбір жастарымыздың бойында осы төрт қасиет болса қылмыс азайар еді, – деді Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Асқар Қамбарбаев.

– Бүгінгі концерттік шарадан көп нәрсені көңіліме түйдім. Әсіресе, «Өкініш» қысқа метражды фильмі маған қатты әсер етті. Өткен іске өкінумен өткенше, жарқын болашақты таңдап, алдыма қойған мақсатыма жетуге бел байладым. Менің де өз арман-мақсаттарым бар. Мен мақсатымның орындалатынына кәміл сеніп, оған табандылықпен ұмтылсам мақсатым орындалады деп ойлаймын. Алайда, мақсатқа жету – оны жай ғана орындау ғана емес, өз-өзіңді жетілдіру. Сол арқылы сенің ой-өрісің, күш-жігерің дамиды, – деді пробация есебінде тұрған Ақан.

Комментарий