Жаңалықтар | Новости

Сегіз команда арасынан топты жарған спортшылар марапатталды

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сарыағаш аудандық пробация қызметкерлерінің, аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай аудандық полиция бөлімшелері қызметкерлерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізді.

Ауданда ұйымдастырылған жарысқа Сарыағаш аудандық полиция бөлімше қызметкерлері және аудандық пробациясы қызметі қызметкерлерінен құралған барлығы 8 команда қатысты. Шараны ашқан Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі М.Зулпухаров сөз сөйлеп, ішкі істер органдарының қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

Бүгін біз басқа да атаулы күндер мен мерекелердің ішінде ерекше орын алатын кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз. Шын жүректен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мейрам – Қазақстандық полиция күнімен құттықтаймыз. Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық және құт-береке тілейміз. Жалпы, «Спорт-денсаулық кепілі» деп айтамыз. Ендеше, осындай денсаулыққа пайдалы спорттық жарыстарды ұйымдастыру арқылы оған белсенді қатысып тұрсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді,- деді.

Жалпы, шара өз деңгейінде өтіп, ойыншыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. Жарыстың қорытындысы бойынша сегіз команда арасынан топты жарып шыққан Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері I орынды иеленді. Ал, II аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі және III-ші орындарды ЖПҚ Жол патрульдік полиция бөлімінен құралған командалар жеңіп алып, команда ойыншылары ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, спорорттық додада жақсы өнер көрсеткен ойыншылар «ынталандыру», ал Пробация қызметінің командасының екі ойыншысы жарысқа белсенді қатысқаны үшін марапатталып, барлық команда ойыншыларына сыйлықтар берілді.

Комментарий