Жаңалықтар | Новости

Полиция күніне – 29 жыл

Бұл айтулы мереке – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс білдіру күні болып табылады. Сонымен қатар, бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен полицейлерге құрмет көрсетіледі.

Осыған орай, жыл сайын 23 маусымда бейбіт күнде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзететін полицейлер күні аталып өтеді. Бұл күн тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосқан ардагерлерге және осы қатарда еңбек етіп жүргендерге, қызметтік парызын өтеуде өмірін қиғандарға ризашылық пен алғыс білдіру күні болып саналады.

Айта кетер болсақ, 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылдың 5 маусымы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті.

Қазақстан полициясы күніне орай, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Талғат Абдранбаев Түркістан облысы әкімінің 2011 жылы 28 желтоқсандағы № 212 шешімімен бекітілген «Облысқа сіңірген еңбегі» үшін төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, ИЧ 167/9 мекемесінің мединица бөлімінің фельдшері әділет аға лейтенанты Нүрбек Үсенбаев Түркістан облысы әкімінің атынан алғыс хатқа ие болды табыс етілді. Ал, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобюының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Дайын Өскенбайға облыс әкімінің грамотасы табыс етілді.

Комментарий