Жаңалықтар | Новости

Тәртібін бұзғандарға қатаң жаза тағайындалады

Әлбетте, барлық адам бірдей тәртіп пен талапты бұзбай күн кешпесі анық. Өмірдің өткелінен сүрінген, абайламай от басып, опық жеген сол азаматтар ақырында сотты болып, темір тордың арғы жағынан шығып жатқан жайы бар. Ал өмірі тар қапаста өтіп жатқан сол жандар сары уайым мен сарсаңға салынып, қайғы қысқан уақытта жаны жай таба алмай, өкініш өзегін өртейтіні сөзсіз.

Ойнап жүріп от басқандар өзінің қателігін түсінсінуі үшін осыдан үш жыл бұрын Пробация қызметі құрылды. Пробация қызметі — қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенетенциарлық) жүйесінің органы.

Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде 236 сотталған азамат есепте тұрады. Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтыр болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Жетісай аудандық пробация қызметі есебінде тұратын Ағлан есімді азаматтың ісі қаралды. Оған жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан бірнеше рет, яғни әкімшілік жауапкершілікке тартылып, белгіленген уақытта үйінде болмай, прфилактикалық іс-шаралаға қатысу үшін есеп беруге келмей, сот жүктеген міндеттерді орындамай жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін және алдағы уақытта жаңадан қылмыс жасауының алдын алумен оның түзелу жолына түсуіне ықпал жасау мақсатында, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып Ағлан есімді азаматтың жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленді.

— Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай -«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген ұлағатты сөзді әр бір еліміздің азаматы есте сақтау қажет. Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе әр бір Қазақстан Республикасының азаматы, бірінші кезекте ата Заңымызды сонымен қатар барлық іргелес заңдарда көрсетілген талаптарды сақтап, артымыздан өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымызға өнеге және үлгі болу керек, — деді Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Дилшат Назаров.

Комментарий