Жаңалықтар | Новости

ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері қазақстандық полицейлердің кәсіби мерекесі күнін ерекше атап өтті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері қазақстандық полицейлердің кәсіби мерекесі күнін ерекше атап өтуге шешім қабылдады. ​

Атбасар қаласының орталық алаңында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің офицерлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарламаны ұйымдастырды және​ аудан орталығының алаңында жиналған балаларды балмұздақ, тәтті мақта және басқа да тәтті тағамдармен қуантты.
Балалардың​ қуанышында шек болмады – шын мәнінде​ погондардағы адамдар күлімсіреген және мейірімді адамдар екенін балаларға көрсетті. Қала тұрғындары қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап оларға өз ризашылығын бідірді. ​ Салқын ауа-райы мерекелік көңіл-күйді бұзбады, бір-біріне берілген өзара жылу адамдардың жаны мен жүрегін жылытатын сияқты​ көрінді, бұл әлдеқайда маңызды.
​ ​ ​ ​ ​ ҚАЖ қызметкерлерінің​ мерекелік акциясын Ұлттық Ұланы​ 5510 әскери бөлімінің​ ​ сарбаздары мен аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы қолдады.

Комментарий