Жаңалықтар | Новости

Өскемен қаласында сотталғандарды вакциналау жалғасуда

Өскемен қаласында пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар арасында короновирустық инфекцияға қарсы вакцина алу жалғасуда. Сотталғандар алдымен короновируска қарсы вакцина салдыруға келісетіні немесе бас тартатыны туралы тиісті құжатқа қол қояды. СОVID-19-ға қарсы екпе қабылдау алдында міндетті түрде сотталғандар термометрия жүргізу арқылы медициналық қызметкерлердің тексеруінен өтіп, аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулардың бар-болмауы ескеріледі.

Бүгінгі таңда 1030 ден артық қоғамнан оқшауға байланысты емес сотталғандар екпе салдырған. Сотталғандарға вакцинациялау жасауға олардың тұрғылықты орны бойынша тіркелген медициналық мекемелердің қызметкерлері жұмылдырылған.

«Бүгін мен «Спутник-V» екпесін қабылдадым. Вакцинаны өзімді және айналамдағы адамдарды қауіпсіздендіру үшін салдырдым»-дейді «К» деген сотталған.

Өскемен қаласында пробация есебінде барлығы 2687 сотталған есепте тұр. Осының алдында ШҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері де екпе жасатқан-деді Солжағалау пробация инспекторы әділет лейтенанты Қ.Қ.Қайнаров.

Комментарий