Жаңалықтар | Новости

ҚАЖ қызметкері  аудан әкімнің Алғыс хатымен марапатталды

23 маусым – Қазақстан полициясы күні  мерекесіне орай,  Жаңақорған ауданының әкімі Р.Рүстемов аудандық полиция бөлімі мен аудандық пробация қызметінің  қызметкерлерін қабылдап, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық, құқықтық мәдени әлеуетінің артуы жолында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етудегі қызметтеріне алғысын білдірді.

Осы шарада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Жаңақорған аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет капитаны Жадыра Исмаилова аудан әкімнің Алғыс хатымен марапатталды.

Әділет капитаны Ж.Исмаилова еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы лауазымынан бастаған. Құқық қорғау саласында  қызметтің қызығы мен шыжығына шыдап, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Пробация қызметінде қызмет ете жүріп, ауқымды жұмыстар атқарып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтардың қоғамға қайта бейімдеп, психологиялық, құқықтық әлеуетін жетілдіруге зор ықпалын тигізеді. Алдына келген әр сотталғанның тағдырына жаны ашып, бірінші қылмысқа бару себебін анықтауға тырысады. «Сотталған адам да қоғамның бір мүшесі» деген қағиданы басшылыққа алып, әрбіріне қажетті көмек көрсетілуіне ықпал етіп, жаңа мамандық меңгеруіне, өз жеке бизнестерін ашуына, жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіп отырды.

Бүгінде,  Жаңақорған аудандық пробация қызметінің инспекторы  әділет капитаны Жадыра Исмаилова қандай жауапты қызметтерді атқарса да адамгершілігі мен қарапайымдылық болмысынан айырылмай, антына адал қызмет ете жүріп, ҚАЖ департаменті бастығының және Облыс әкімнің Грамоталарымен, Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Осы орайлы сәтті пайдаланып, нәзік жанды аруларымызды  мерекелерімен құттықтап, отбасыларына бақ-береке, қызметтеріне табыс тіледік.

 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий