Аймақ | Регион

СОТ СЕНІМІН АҚТАДЫ

25.12.2018 жылы Семей қалалық №2 сотының үкімімен «А» есімді азамат ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі 2 тармағы, 60 бап бойынша 4жыл 6 айға жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгілеген.

Сотталған «А» Жарма аудандық №1 пробация қызметі есебінде тұрған уақытта ПҚ-нің профилактикалық, тәрбиелік жұмыстарын оң қабылдап, өзіне дұрыс шешімдер шығара білді. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің белгіленген тәртібін адал орындап, сот қаулысымен жүктелген міндеттерді және ПҚ-нің заңды талаптарын мүлтіксіз орындап өзінің түзелу жолына тұрғанын толық дәлелдеді. 20.05.2021 жылы Жарма аудандық сотының қаулысымен бас бостандығынан шектеу жазасынан 2 жыл 1 ай 24 күнге шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Қаулы заңды күшіне еңгеннен кейін «А» есімді азамат Жарма аудандық № 1 ПҚ есебінен шығарылды.

Комментарий