Жаңалықтар | Новости

Алматыда “үнділік” коронавирус штаммы анықталды

Алматыда “үнділік” коронавирус штаммы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың “үнді” штаммының айналымы ықтималдығы анықталды. Қазір толық геномдық ретке келтіру үшін қосымша уақыт қажет”, – деді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда “үнді” штаммы 54 пациенттен алынған сынамалардың 56%-ында расталғаны хабарланды.

Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер қарастырылатыны белгілі болды.

COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне жаңа талаптар енгізуді ұсынды.

Комментарий