Жаңалықтар | Новости

ҚАЖ қызметкерлері «23 маусым – Полиция күнін» салтанатты түрде атап өтті

 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында «23 маусым – Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай санитарлық талаптарды сақтай отырып салтанатты шара өтті. Шараға сала ардагерлері, мекеме бастықтары және жеке құрам қатысты. Мерекелік шара  Мемлекеттік Гимн орындалуымен басталып, шарада ҚР  Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың  құттықтау жеделхаты оқылды.

Сондай-ақ  ҚР ІІМ-нің, ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаментінің марапаттау жайлы бұйрықтары оқылып, «әділет майоры» арнаулы атағы ЗК-169/1 мекемесі Арнайы есепке алу тобының бөлім бастығы әділет капитаны Сембаева Фариза Нұрділдақызына мерзімінен бұрын берілді. «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен ЗК-169/5 мекемесі жедел бөлімінің бастығы әділет майоры Махсутов Серік Боранбаевич, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі әділет капитаны Кыясов Асылбек Алмасбекович марапатталды.

Жалпы мерекеге орай ҚАЖ департаменті бастығының құзырымен 42 қызметкер марапатталса, оның 11-і Грамотамен, 3-і Алғыс хатпен.

Бұдан бөлек, мерекелік шара барысында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бітіруші түлектеріне  диплом және басшы құрамның арнаулы атақтарын табыстау рәсімі өткізілді. Департамент бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров бітіруші түлектерге жоғарғы білім жайлы дипломдарын табыстай отырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мерекелік шара әрі қарай  концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, мереке иелерінің құрметіне әндер шырқалып, өлеңдер айтылды.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Комментарий