Жаңалықтар | Новости

Еңбек жолын миллиционерліктен бастаған полковникпен кездесу өтті

ЗК-169/1 тергеу изоляторында кадр саясат тобының ұйымдастыруымен, 23 маусым Полиция  күніне орай, еңбек жолын миллицонерліктен бастаған ҚАЖ ардагері Жамуров Серікбай Қойшыбайұлымен  « Еңбегі елеулі, ел ағасы » тақырыбында кездесу өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты:  саналы ғұмырында  Ішкі істер саласы, соның ішінде қылмыстық атқару  жүйесінде, елеулі еңбек атқарған, отставкадағы полковниктің  өнегелі өмірін – бүгінг жас  буын,   жеке құрам қызметкерлеріне үлгі етіп көрсету болып табылады

Кездесу барысында, ардагер аға, алғашқы еңбек жолын 1971 жылы Сырдария аудандық арнайы комендатураның  милиционері болып бастап, облыстық ішкі істер басқармасында, облыстық ішкі істер департаментінде, облыстық  полиция департаментінде түрлі лауазымдық міндеттерді атқарғандығы жайлы кеңінен толғады.

Қазіргі таңдағы алған асуы, шыққан бигінің, ішкі істер саласында 27 жыл табандылық танытқан қажырлы  еңбегінің нәтежиесі екендігін баса айтты. Сондай-ақ, ҚАЖ саласында жұмыс атқарған жылдардағы өз басынан өткерген қыйындықтарын  мысалға келтіре отырып, жас қызметкерлерге:

–  Бүгінгі қиындықтар – ертеңгі күннің жемісі. Бұл өмірде әр адамның  мақсаты,  құлқынның қамы емес, абырой –беделге, құрметке ие болу үшін, адал еңбек ете білуге талпыну болу керек. Талабы жоғары, темірдей қатаң тергеу изоляторының тәртібіне бағынып жұмыс жасап жүрген жеке құрамды, сабырлы болуға шақырып, ағалық ақылын айтты.

Осылайша, өмірдің өр өткелінен өтіп, егеменді еліміздің қауіпсіздігін сақтау жолында, жазалау орындарында ел заңының орындалуын қадағалап, қылмыскерлерді өмірге қайта тәрбиелеген, құқық қорғау  саласының майталман маманы атанған ардагер ағамыз, тәуелсіз мемлекетіміздің талапты жастарына тағлымды әңгімесін айтып қайтты.

Ия, бар  өмірі құқық қорғау саласында өткен тәжербиелі, өмірден көрген түйгені көп, жеке өмірінде де, 4 перзент тәрбиелеп, 11немеренің атасы атанған   ұлағатты ғұмыр иесінің  азаматтық тұлғасы,  жеке құрам  қыз-жігіттеріне үлгі –өнеге болғаны анық.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Комментарий