Жаңалықтар | Новости

Қоғамдық жұмысты орындамаған пробация есебіндегі азамат бас бостандығынан айырылды

Арал қаласының тұрғыны Ж., есімді азамат 26.02.2021 жылы Ақтөбе қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің  191-бабы 2-бөлігі, 1,3-тармағымен кінәлі деп танылып,3 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жазасының барлық мерзімінде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту белгіленген. Пробация есебіне алынған азамат пробация қызметінің талаптарына бағынбай, сот үкімінде көрсетілген 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа шықпай, пробация қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған.

Пробация қызметкерлері Арал аудандық сотына жазасын орындамаған азаматқа байланысты бас бостандығын айыру үшін ұсыныс жолдаған. 15.06.2021 жылы онлайн режимінде  сот отырысы өтіп, Арал аудандық сотының қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі 2 жыл 9 ай 2 күн бас бостандығынана айыру жазасына ауыстырылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий