Жаңалықтар | Новости

Нұр-Сұлтандағы жаңа шектеулер: базарлар мен сауда орталықтарының жұмыс уақыты өзгереді

Нұр-Сұлтанда карантин күшейеді. Бұл туралы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАК Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтанда карантин режимін күшейту туралы ұсынысын қолдады:

  • Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы нысандарда COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттері орналасқанына қарамастан);
  • сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу (“Ashyq” жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда”);
  • жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы нысандарда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттері орналасқанына қарамастан);
  • санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан аса ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.)

Вице-премьер Ералы Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штамның жұқпалы және тез тарайтынын ескере отырып, “дельта” штамының тарауының алдын алу бойынша барлық шараны қолдануды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылғы 28 маусымға дейін резервтік қорлардағы төсек қорына, кадрлық қамтамасыз етуге, дәрі-дәрмек қорына тексеру жүргізу тапсырылған.

Комментарий