Жаңалықтар | Новости

Алматыда Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ҰМО-ның төрағаларымен кездесу өтті

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері Департаменті Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен бірлесіп, Алматы қаласының ұлттық-мәдени орталықтарының төрағаларымен онлайн-кездесу ұйымдастырды.

Айта кету керек, іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау аясында түрлі этностардың өкілдерін мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға орналасуға ықпал ететін шаралар қабылдау мақсатында ұйымдастырылды. Семинар қатысушыларына мемлекеттік қызметке орналасу кезеңдері мен талаптары туралы айтылды. Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының қызметкері А. Т. Қазжанова сөз сөйледі.

 

 

Комментарий