Жаңалықтар | Новости

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні

Құрметті мемлекеттік қызметшілер кәсіби 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні мерекесімен құттықтаймын.
Баршаңызға мәлім, Бұл айтулы күннің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастау алады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2002 жылдың 20 желтоқсанында әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын. Бұл іс-шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 23 маусымды «Мемлекеттік қызметші күні» деп жариялап, арнайы жарлыққа қол қойды. Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшіліердің әрқашан жадында болуы керек.
Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Сондықтанда ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге жоғары әдеп нормаларын қатаң сақтаудың маңызды екенін айтамын.
Мерекені пайдалана отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін!
Тараз қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі
Б.Джунусов.

Комментарий