Жаңалықтар | Новости

Келесі аптада аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу басталады

Ресейде аяғы ауыр әйелдерге вакцина салу басталады, — деп хабарлайды Lenta.ru.

Аяғы ауыр әйелдер келесі аптадан бастап вакцина салдыра алады. Бұл туралы бүгін Гамалея атындағы орталық басшысы Александр Гинцбург айтты.

«Мен келесі аптадан бастап аяғы ауыр әйелдер ресми түрде вакцина салдыра алады деп ойлаймын. Бұл мәселе шешілді», — дейді маман.

Бұған дейін Гинцбург вакцинаның аяғы ауыр әйелдерге деген пайдасын айтқан. Оның сөзінше, екпе жаңадан туған сәбиді де инфекциядан қорғай алады.

Комментарий