Жаңалықтар | Новости

Арменияда парламенттік сайлау басталды

Арменияда кезектен тыс парламенттік сайлау басталды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Астана уақыты бойынша сағат 13.00-дегі жағдай бойынша келушілер саны 12,2 пайыз болған. Бұл туралы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Лаура Галстян хабарлады.

“13.00-дегі жағдай бойынша, 361 291 адам дауыс берді”, – деді Галстян.

Дауыс беру, астана уақыты бойынша, 22.00-де аяқталады.

Еске салайық, Армениядағы кезектен тыс парламенттік сайлауға 21 партия мен төрт одақ қатысып жатыр. Дауыс берушілер саны бойынша шектеу жоқ.

Сонымен қатар, бүгін Армения премьер-министрі лауазымына кандидаттың көлігіне оқ атылғаны белгілі болды. Шабуыл кезінде көлікте ешкім болмаған. Белгісіз біреулер кандидаттың көлігінің алдыңғы терезесіне оқ атқан.

Комментарий