Жаңалықтар | Новости

“ЕРКІН СӨЗ”-2021 БАЙҚАУЫ: СӘКЕН ОРЫНБАСАРҰЛЫ АТЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚ

Осыдан тура 1 жыл бұрын әріптесіміз, елге сыйлы журналист Сәкен Орынбасарұлы жол апатынан қаза тапқан болатын. Қыршын кеткен жастың қазасы қабырғамызды қайыстырды…

Елгезек, қарапайым, өте еңбекқор Сәкен өз ісінің хас маманы еді. 2019 жылы Түркітілдес журналистер қорының Халық банк серіктестігінде ұйымдастырған “Еркін сөз” байқауына “Заң” газетінің атынан қатысып, “Үздік мақала” аталымы бойынша Бас жүлдені жеңіп алған.

Бергенінен берері көп әріптестің әруағы риза болсын деп, Түркітілдес журналистер қоры биыл өткізілетін “Еркін сөз”-2021 байқауында Сәкен Орынбасарұлы атындағы ақшалай сыйлықты тағайындауға шешім қабылдады. Бұл марапат Қазылар алқасы үздік деп таныған бір журналиске бұйырады.

Толық ақпарат: +7775 166 8920

Комментарий