Жаңалықтар | Новости

Қазақстандағы «қызыл» аймақ туралы мәлімет жарияланды

Коронавирустың таралуы бойынша бір өңір «қызыл» аймақта тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.

2021 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. ⠀

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстанда кейінгі тәулікте 1174 адамдан коронавирус анықталған болатын.

Комментарий