Жаңалықтар | Новости

Франция коменданттық сағат пен міндетті маска тағу режимін алып тастайды

Франция үкіметі 17 маусымнан бастап көшелерде міндетті маска тағу режимін және 20 маусымнан бастап коменданттық сағатты алып тастайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіт Reuters-ке сілтеме жасап.

Елдің премьер-министрі Жан Кастекс эпидемиологиялық жағдай жақсаруына байланысты белгіленген мерзімнен он күн бұрын коменданттық сағат тоқтайтынын және нысан ішінде маска тағу міндетті болатынын мәлімдеді.

“Елдегі жағдай жақсарып келеді. Қазіргі уақытта 23.00-ден 6.00-ге дейін енгізілген коменданттық сағат дүйсенбіге қараған түні тоқтатылады”, – деді ол.

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, реанимация бөлімшелеріндегі адам саны 116-ға дейін азайып, 1952 адам болған. Екі ай бұрын 40 мыңнан асқан науқастар саны қазір 3,5 мыңға жеткен. Франция денсаулық сақтау саласының мамандары бұл көрсеткіш 5 мыңнан төмен болса, пандемияны бақылауға болады деп санайды.

Бұған дейін Израильде коронавирус жұқтыру дерегінің тұрақты төмен деңгейіне байланысты карантин шектеулері алып тасталған болатын. Словения үкіметі де елде індеттің аяқталғанын ресми түрде жариялады.

Комментарий