Жаңалықтар | Новости

Бекшин Алматының эпидахуалын өткен жылмен салыстырды

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, өңірдің бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаланың эпидахуалын өткен жылмен салыстырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Алматыдағы эпиджағдай айтарлықтай жақсарғанын мәлімдеді.

«Алматы 12 маусымнан бастап «жасыл» аймақта тұр. Айдың басынан бері коронавирустың таралуы 2 есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді, ал тәуліктік өсім 0,1 пайызға төмендеді. Алматы қаласында эпидемия басталғалы КВИ-дің 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелген», — деді Бекшин онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар, Бекшин Алматының эпидахуалын өткен жылмен салыстырды.

«Мысалы, былтыр наурызда 82 жағдай, шілдеде 6 мыңнан аса жағдай, қазанда 360 жағдай, ал биыл қаңтарда 3 мыңнан аса, наурызда 9,5 мың жағдай тіркелген, сәуірде көрсеткіш 20 мыңға дейін жетті. Ал қазір жағдай оңалған, аурудың таралуы айтарлықтай бәсеңдеген. Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды», — деді ол.

Сондай-ақ, Бекшин 19 маусымнан бастап күшіне енетін Алматы қаласының мемлекеттік бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы дайын екенін айтты. Жаңа құжатқа сәйкес, бизнес үшін бірқатар жеңілдік белгіленген.

Комментарий