Жаңалықтар | Новости

Тың жобалар іске асқан жыл

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы соттың басшылығы 2021 жылды «Болжамды сот төрелігі жылы» деп жарияланды. Сот жүйесін цифрландыруға серпіліс беретін, жасанды интеллект алгоритмдерінің жұмысына негізделген, сот жүйесіне талдаудың үшінші буынын енгізу жоспарлары іс жүзінде жарияланды.
Бүгінгі күні республика соттарында жаңа технологияларды қолдану аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизімдері күн сайын жетілдіруде. Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау барысында сот арқылы кең көлемді түрлі ақпарат айналымымен байланысты болып отыр. Күн сайын мыңдаған сот актілері шығарылады. Қаралған әрбір істің мән-жайы, олардың қатысушылары, себеп-салдарлары және басқа да жағдайлары туралы көптеген ақпарат жиналады.
Болжамды сот төрелігінің мәнін терең түсіну үшін оның жақын арада енгізілуін айқындап, қазіргі уақытта қолданылып жатқан, жинақталған ақпаратты талдаудың әдістеріне жеке тоқталуды талап етеді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта соттар, соның ішінде Жоғарғы соттың ахуалдық орталығы электронды статистикалық деректерді жинақтап, салыстырмалы талдау жүргізіп келеді. Орталық сот төрелігін іске асыру жағдайы туралы түрлі есептерді құрастыруға, жүктеменің артуы немесе кемуін, келіп түскен, қаралған істердің динамикасын көруге мүмкіндік береді. Электронды құжат айналымын ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Осылайша, заман талабына сай жасанды интеллект элементтерінің алгоритімін енгізу сот төрелігінің болжамдық сипатын арттыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған және сот төрелігінің сапасын көтеріп, азаматтардың сенімін арттырады.
Аталған өзгерістердің барлығы сот жүйесін жаңа сатыға көтеріп, соттардың азаматтар үшін ашық болуы, сот жүйесі қызметінің жүктемесін азайтып, қаулылардың сапалылығына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Тараз қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының маманы
І.Мамед

Комментарий