Жаңалықтар | Новости

Пробация жұмысы жанданып келеді

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Қазақстан ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде алғашқы болып пробацияның толық жүйесін қабылдаған ел.
Жалпы, біздің елімізде ең алғаш рет «пробация» ұғымы 2012 жыл­дың 15 ақпанындағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында қолданылған. Қазақ­станда алғаш рет 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Пробация туралы» Заңның қабылдануына орай проба­ция­ның қолданылу аясы анағұрлым кеңейе түскен. Оның одан әрі қарайғы дамуы Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 33-қадамының аясында жүзеге асырылды. Нақтырақ айтсақ, 2016 жылғы желтоқсанда «Пробация туралы» заң қабылданып, пробацияның әлеуеті мен өзектілігі артты.
Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет­тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
Пробация – Қазақстан Республикасының заңна­ма­­сына сәйкес, есепте тұрғандарға әлеу­мет­тік-құқықтық көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдармен, азамат­тармен, қоғамдық ұйымдармен және өзге де заңды тұлғалармен өзара әрекет­тесе отырып атқарылатын қызмет түрі.
Азаматтардың қылмыстық сот тө­ре­­лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал­ған, жаңа Қылмыстық кодекс­те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату уақыттары азайтылды.
ҚАЖ комитетінің мәліметінше, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы­на олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің жоқтығы, тұрақты жұмыс орнының болмауы, ішімдікке салынуы түрткі болады. Сондай-ақ қылмысқа барудағы алғашқы салдарды анықтап қарағанда, көбіне сотталғандардың әлеу­меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл­мыс жасау орын алады.

 

Созақ аудандық пробация қызметі

бөлімшесінің аға инспекторы

әділет майоры

Сарсенбаеав Нұрбек Есенбаевич

Комментарий