Жаңалықтар | Новости

Жазаның бір түрі – қоғамдық жұмысқа тарту

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан сотталған адамдарды заңнама шеңберінде жазаға тартудың бір түрі қоғамдық орындарда ұйымдастырылатын жұмыстарға тарту болып табылады, Ол белгілі бір біліктілікті талап етпейді әрі тегін қоғамға пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Алматы облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация бөлімдерінде қазіргі таңда, қоғамдық жұмыс түріндегі жазаға тартылған 394 сотталғандар есептен өткен.
Соның ішінде қоғамдық жұмысқа тартылған 346 адам өз жұмыстарын аяқтады, 48 сотталған адамдар жаза өтеуден жалтарғаны үшін қамаққа алынған болатын.

“Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарды орындауын бақылау сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметімен жүзеге асырылады,” – деді Алматы облысы бойынша пробация бөлімдеріне басшылық ету бөлімінің бастығы Рашид Ержигитов.
Алматы облысы бойынша ҚАЖД.

Комментарий