Жаңалықтар | Новости

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында офицерлерді аттестаттаудың екінші кезеңі басталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері офицерлерінің қызметін жан-жақты бағалау, ұтымды пайдалану, жоғары лауазымдарға тағайындау, оқуға жіберу және офицерлердің резервін қалыптастыру үшін аттестатциялау өтуде.

Бірінші кезеңде әскери бөлімдердің командирлері, өңірлік қолбасшылықтың қызмет және бөлім басшылары, сондай-ақ 2021 жылы әскери оқу орындарына оқуға жіберілетіндер аттестацияланған.
Екінші кезеңде барлық басқа офицерлер аттестатциядан өтеді.
– Офицерлерді аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі. Бұл кезең әрбір әскери қызметшінің қызметті ұтымды пайдалануының ұзақ мерзімді жоспарын құруға мүмкіндік береді. Егер қызметтің бірінші жылында ол лауазымын толық игерсе, онда келесі жылдары ол өзінің әлеуетін көрсетуі тиісті. Жеке құрамның кәсіби қабілеттерін нақты анықтау және түсіну қажет. Осылайша, біз қай офицерлерді командалық бағытта және қайсысын штабтық қызметте жоғарылатуды анықтай аламыз. Аттестаттау кезінде олар психологиялық тестілеуден өтеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және басқарушылық құжаттарды білуге арналған тестілерден өтеді, – деді кадрлармен жұмыс бөлімінің бастығы подполковник Қуаныш Кеңесов.
Офицерлер құрамын аттестаттау нәтижелері бойынша әр әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттеріне, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және объективті сипаттама беріледі. Комиссия аттестатталған лауазымдардың атқаратын қызметіне сәйкестігін және оларды әрі қарайғы қызмет перспективаларын анықтайды. Сондай-ақ әр нақты әскери қызметшіге қай бағытта оқыту және қайта даярлау жүргізілетіндігі анықталатын болады, жоғары лауазымға тағайындау және оқуға жіберу үшін офицерлердің кадрлық резерві құрылады, сондай-ақ әскери қызметшілерге жеке кемшіліктерін жою бойынша ұсыныстар әзірленеді.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов

Комментарий