Әлемде | В миреЖаңалықтар | Новости

Ақ үй Байден мен Путин сағат қаншада кездесетінін айтты

Ақ үй АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуі қаншада басталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

АҚШ пен Ресей президенттерінің Женевадағы кездесуі 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша 13.35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 17.35-те) басталады деп хабарланды. Кездесу басталардан 10 минут бұрын Байден Путинмен және Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түседі.

Делегациялар қатысатын Байден мен Путиннің кеңейтілген кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен 18.55-те басталады, ал 20.40-та осы кездесудің екінші кезеңі өтеді.

Ақ үй мәліметінше, Байден Путинмен кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Комментарий