Жаңалықтар | Новости

Мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері департаменті Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы И.Б. Үйсімбаев мемлекеттік басқарудың жаңа тұжырымдамасының бағыттарын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ерікті түрде ротациялау, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызметшілерді оқыту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, спикерлер ретінде қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. К. Ахетов, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Б. А. Джапаров және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Д. С. Жантемирова сөз сөйлеп, олармен әдеп нормаларының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы ұстану, мемлекеттік қызметшілерді жобалық менеджмент және т.б. мәселелер көтерілді.

Департамент басшысы ауданды аралау барысында аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінің жұмыс жағдайымен, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында іске асырылатын азаматтардың өтініштерін сапалы қарауды ұйымдастыру жөніндегі жұмыспен танысты, “NurOtan” партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша аудандық ХҚКО қызметімен танысты.

Департамент осындай іс-шараларды қоғам мен мүдделі тұлғаларды тарта отырып, қаланың барлық аудандарында өткізуді жоспарлағанын атап өту қажет.

 

Комментарий