Жаңалықтар | Новости

Ерке Есмахан: Аяғым ауыр емес! Арамызда неке жоқ!

Әнші Ерке Есмахан Ninety one тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жайлы әнші Instagram-stories-тегі сұрақ-жауап айдарында айтты. Еркенің оқырмандары “Аяғыңыз ауыр ма?” деп сұрады.

“Аяғым ауыр емес! Арамызда неке жоқ! Заңды түрде үйленген жоқпыз! Бірге тұрмаймыз! Тек бір-бірімізді танып, біліп, кездесіп жүрміз! Әрі қарай бұл сезімнен қандай шешім болады, оны Алла біледі! Бәрі уақыттың еншісінде!”, – деп жауап берді әнші.

Еске салайық, жақында Азамат Зенкаев та Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялаған болатын.

“Baby-she sol Bäibіşe”, – деп жазды әнші жазбасында.

Комментарий