Жаңалықтар | Новости

Құдайға асылық сөз айттым. Бір баламнан айырылдым — Құмар Лұқпанов

Әзілкеш, КВН ойыншысы, актер Құмар Лұқпанов отбасы мен достары, өмірлік ұстанымдары жайлы баяндады. Төрт баланың әкесі отбасын шығармашылыққа баулып, ұлдарымен отбасылық әзіл түсірмек. Сахнада көңілді әзілкеш өмірде салмақты азамат екенін айтады.

Бұл туралы “ER-BATYR” жобасында айтылды, деп жазады stan.kz.

Құмар Лұқпанов төрт баланың әкесі. Отбасымен әзіл вайндар түсіруді жоспарлап отыр. Жары Гузель де өнер адамынан алыс емес.

“Бір баламнан айырылдым. Төрт ұлым бар. Гузель татар ұлтының өкілі. Басқа елден, басқа қаладан келді. Алдымен қара шаңыраққа Талдықорғанға әкелдім. Кейін Алматыға көштік. Гузель біздің отбасымызға ерекше тәрбие әкелді. Бұрын келіндер көп сөйлемейтін, еркін жүре алмайтын еді. Гузельден кейін бәрі еркін етене араласады. Гузельді жақсы көремін. Қазір бақыттымын. Менің отбасым, достарым, жұмысым бар. Бақытты адаммын. Ұлдарым да ата-анасына тартқан шығармашылық балалар. Анасы секілді музыкалық қабілеті бар. Ән айтады. Шығармашылыққа бейім. Сондықтан алдағы уақытта отбасылық вайндар түсірсек деп жоспарлап отырмын. Сол үшін арнайы студия аштық”, – деді әзілкеш.

Құмар Лұқпановтың айтуынша, отбасында салмақты әке. Балаларымен жақын дос. Әйелімен ұрысса, бірінші болып өзі кешірім сұрайды.

“Мен үйленен жылдары сыртта жүрдім. Көбіне іс-сапармен кетемін. Сахнада жүрдім. Солай бірінші ұлымның қалай өскенін білмедім. Екінші ұлымда да солай. Кейде туған күнінде қасында бола алмадым. Балалық шағын көре алмадым. Соған өкінемін. Үшінші ұлымда қасына болдым. Менің ата-анам ешқашан бір-бірін құшақтап, сүйіп сезімін балаларының көзінше көрсеткен емес. Соған қарап біз де ұяң өстік. Мен 23 жасымда әйеліммен таныстым. Кездесіп жүрдік. Сол кезде әкем “қызың бар ма?” деп сұраса, қысылатынмын. Жігіт болсам да, ұяң болдым. Сенімсіз болдым. Қазір әйелім екеуміз ашық қатынастамын. Балаларымның көзінше сезімімді білдірем. Бетінен сүйем. Балаларым да үйренген. Бәрі еркін. Сенімді. Қысылмайды. Солай ашық тәрбиелеген ұнайды”, – деді әзілкеш.

Актер әкемі мен анасының мінезі, тәрбиесі туралы айтып өтті.

“Әкем өте шыншыл адам еді. Тәртіпке бағынған. Бәрін ретімен істейтін. Біреудің затын алма деп үйрететін. Ал анам көңілді, әзілқой жан. Нағашы әжем де сондай. Анама әжемнің қасиеті дарыған болуы керек. Анамнан маған берілген. Бірақ мен сахнадан бөлек салмақты адаммын. Әзілдеп, барлық жерде күліп жүрмеймін. Отбасында да қалжыңдамаймын. Әйелім де менен әзіл сұрамайды. Қарапайым, өзгелер секілді азаматпын. Тіпті меланхоликпін десем де болады. Алдын ала әзіл дайындап, кейбіреулер секілді бір жерге барғандай айтып отырмаймын. Егер туып тұрса, әзілдеуге болады. Шынайы әзіл болса. Басқа уақытта үндемей отыра беремін”, – деді ол.

Құмар Лұқпанов бір баласынан айырылған. Бүгінде төрт ұлдың әкесі.

“Мен отбасында бір ұлмын. Менен кейін үш қыз бар. Әкем менен кейін ұл болғанын қалады. Ұл баланы күтті. Үшінші қыз өмірге келгенде мен қатты ренжідім. Құдайға асылық сөз айттым. Қашанғы қыз бола береді деп айттым. Бір ұл беруге болмай ма деген едім. Ол кезде баламын ғой. Содан құдай маған ренжіген шығар”, – деді әзілкеш.

Комментарий