Жаңалықтар | Новости

«Қалаулымға» қатысқандар менің қас жауым». Нұрболхан Шарапов Әміре жайлы

Нұрболхан Шарапов Әміре жайлы өз ойын айтты. Әзілкеш Әміре мен “Маска” шоуы жайлы өз пікірін жеткізді. Одан бөлек “Қалаулым” “бағдарламасына қатысқандарды қас жауы санайтынын білдірді.

Бұл туралы әзілкеш “Бөкей” арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады stan.kz.

Нұрболхан Шарапов отандық “Маска” шоуына қатысып, үшінші орынды иеленді. Әзілкеш жобаның әділ өткенін айтады. Ал Әміренің өнерін бағалағанымен кей әрекеттеріне көңілі толмайды екен.

“Мен үшін «Маска» шоуы әділ өтті. Мен Ерденді (Арқар) де, Айриді (Аққу) де, Бүркітті (Әміре) де мойындаймын. Ерден де, Әміре де талай шетелде конкурста болған әншілер. Бірақ осы уақытқа дейін Әміре туралы көп білмеппін. Содан ол туралы интернеттен ақпарат іздеп көріп едім, оның бұрын «Қалаулымға» қатысқанын көрдім. Ал мен «Қалаулымның» нөмірі бірінші жауымын.

Сонда басыма «Әміре, сен «Қалаулымнан» шыққансың ба?» деген ой келді. Мен «Қалаулымнан» шыққан адамды қабылдай алмаймын. Бүркітті шығармашылығы үшін ерекше сыйлаймын. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдаймын. Бірақ оның «Қалаулымға» қатысқанын білгенімде жүрек жағыма бірдеңе тұрып қалғандай болды. Бір-бірінің артын ашқан, хайп қуғандар қатысатын бағдарламаға қатысқаны үшін Әміре өкінетін шығар, – деп жауап берді Нұрболхан Шарапов.

Айта кетейік, бұған дейін Әміре “Маска” жобасына қатысып, финалға жетпей шығып қалды. Өзі қатысқан Қазақстандағы жобалардың ешқайсысы әділ өтпегенін айтты. Алайда ешкімге өкпесі жоқ. Бүркіт жобасын қолға алып, жобада шырқаған әндері ел арасында хитке айналды. Ал Нұрболхан Шарапов жоба соңына дейін жетіп, көпшілікті даусымен, өнерімен таңғалдырды.

Комментарий