Жаңалықтар | Новости

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 10 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

15 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 204 адам коронавирус инфекциясынан (20 109 КВИ+ және 1 095 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 6 655 науқас стационарда,
  • 14 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 458 адамның жағдайы ауыр,
  • 110 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 69 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

 

Бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 757 жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

Комментарий