Жаңалықтар | Новости

Түзеу мекемесіндегі психологтің рөлі

Түзеу мекемесіне жаңадан келген сотталғандармен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі,бостандықтағы өмірге деген дайындық басталады.  Мұнда психологтың рөлі аса маңызды. Қоғамнан алшақтау дегенің өз жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Сондықтан психологтардың көмегенсіз сотталғандарды тәрбиелеу мүмкін емес. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде психолог маман сотталғандармен  тікелей жұмыс жасайды. Психолог маман Айнұр Яхияевамен сұхбаттасудың сәті түсіп, мекемеге ат басын бұрдық.  Біз барғанда психолог маман  сотталғандармен тренинг өткізіп жатыр екен. Психологтардың  жұмысы жеңіл емес екенін байқадық. Маманнның айтуынша  әр сотталған карантин бөліміне түскен күннен бастап психодиагностика жүргізіп, сол арқылы психологиялық портрет жасалады. Психологиялық портреті арқылы оның мінезі, қабілеті, ерекшелігі,өзін-өзі бағалауы анықталады дейді маман.

Мекемедегі сотталғандармен жиі тренингтік  сабақтар, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстар: жеке психологиялық кеңес беру: психопрофилактикалық іс-шаралар  жүзеге асырылады. Тренинг жұмыстарын жүргізу арқылы жазасын өтеуші азаматтардың өмірге деген құштарлығын оятып, сотталғандар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамытамыз дейді психолог.

Бір сотталған бірнеше рет  психологтың қабылдауында  болады екен.  Жыл басынан 545 сотталған психолог маманның жеке қабылдауында болыпты. Көбіне  сотталғандар отбасы мәселесі бойынша сұрақтармен келеді. Жақында осындай азамат қабылдауымда болды. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны. Абайсызда қылмыс жасап, 2020 жылдан жазасын осы мекемеде өтеп жатыр. Отбасым маған сенімсіздікпен қарайды, осылай жалғаса берсе, отбасымнан ажырап қалам  ба , деген ой маза бермей маманға жүгінген. Психолог маман отбасы шағын мемлекет екенін, ана мен әкенің отбасында өз орны барын түсіндіріп, баланың болашағы ойлау ата-анасының міндеті екендігі жөнінде ақыл-кеңес берген. 

         «Психолог мамандармен сөйлесіп, тренинг жаттығуларына қатысу  темір торда қамалып, жазасын өтеп жатқандар үшін көп пайдасы бар. Мамандармен сөйлесіп, тілдесіп, өз ойымызды ашық айтып, болашаққа деген көзқарасымыз өзгереді. Өмірге деген құлшынысымыз артып, отбасымызға тезірек оралсақ деген үміт бізді алға жетелейді. Өзім жиі психологтың қабылдауына жазылам, толғандырып жүрген сан сұрағыма осы мамандар толыққанды жауап беріп, мені өмірге деген құштарлығымды оятады . Бүгінде оның отбасымен қарым –қатынасы жақсарғаны психолог маманның көмегінің арқасы дейді»,-  сотталған азамат.

Сонымен қоса, сотталғандармен өз-өзіне зақым келтіру қаупін анықтауға арналған «Ақсұңқар» психодиагностикалық аппараты арқылы тестілеу , зерделеу жұмыстары жүргізіледі.

Өмірде аяғын шалыс басып, жазасын өтеп жүрген сотталғандардың санасын тезірек сауықтыруға, айналадағы жағдайларға бейімделуге түзеу мекемесіндегі психолог маманының атқарар рөлі өте зор

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Комментарий