Жаңалықтар | Новости

Коронавирустың жаңа штамын кімдер жиі тарататыны анықталды

Коронавирустың жаңа штамдарын кімдер жиі тарататыны белгілі болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничнаяның сөзінше, жастар коронавирустың жаңа штамын жұқтырған жағдайда оны жеңіл өткізеді. Бірақ олар инфекцияның негізгі тасымалдаушысы болып саналады.

“COVID-19-дың клиникалық көрінісі өзгерген. Жастар ауруды жеңіл өткізеді, сондай-ақ олар вирусты белсенді таратушы болып есептеледі”, – деді ол.

Маман жаңа штамды жұқтырған жағдайда көбіне маусымдық ЖРВИ белгілері байқалатынын, сондықтан жастар оған бей-жай қарап, қалыпты өмір сүре беретінін айтады.

Комментарий